Алақаның ыстық күн ғой мен үшін, Қиындықты жеңе білдің небір шың. Сол белестер артта қалып бүгінде Шат күлкімен қаумалайды ұл-қызың. Қандай бакыт ортамызда жүргенің Бейнетіңнен зейнет көріп күлгенің. Әр жас сайын жасара бер,жан Ана, Бізге бақыт ұзақ ғұмыр сүргенің!